Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігі жанындағы МКҚК "Қарлығаш"бөбек-бала бақшасы 
Государственное казённое коммунальное предприятие  "Ясли сад "Қарлығаш" при акимате Есильского района Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Әжем асыл қазынам"

09.10.2026

«Әжелер мектебі» – «Школа бабушек»

 Балабақшамызда «Әжелер мектебі» аясында әжелермен танысу кеші ұйымдастырылды.

Кештің басты мақсаты – әжелермен жылы қарым-қатынас орнату, олардың балабақша өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Кездесу барысында әжелер өздерін таныстырып, балалық шақтары, отбасылық құндылықтары мен немерелері туралы жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Балалармен бірге қызықты ойындар ойнап, түрлі тапсырмалар орындады. Жүрекшелер арқылы бір-біріне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар суреттер арқылы мақал-мәтелдерді тауып, тапқырлықтарын көрсетті.

Кездесу мейірім мен шаттыққа, жылы естеліктер мен жағымды эмоцияларға толы болды. Осындай шаралар балаларды үлкенді құрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді бағалауға және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Әжелер – отбасының берекесі, даналықтың қайнар көзі, мейірім мен жылулықтың символы!

Просмотров: 245


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст